Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Тамыз, 2022

Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облыстық департаментіне басшы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығымен Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Талғат Қозбеков 1976 жылы Жетісу облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «экономист- маркетолог» және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің салық аудиті бөлімінде инспектор лауазымынан бастады. Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. 2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

2022 жылдың наурыз айынан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалған.

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз