Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Наурыз, 2024

Алматылықтар Ресейдің Бас консулдығының алдына гүл шоқтарын қойып жатыр

Алматы тұрғындары Ресей консулдығына барып, Мәскеу облысындағы терактіде қаза болғандарды еске алу үшін гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан халқы қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің туған – туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ғимарттың қақпасына «Аза тұтамыз» деген жазбалар қалдырды. Қаза болғандары еске алған алматылықтар шам жақты.

Еске сала кетсек, белгісіз біреулер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында оқ жаудырған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін мына сенім телефоны бойынша жедел желі іске қосылды: 8 (925) 897-71-14.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Суреттерді түсірген: Юрий Беккер

398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз