Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Наурыз, 2024

Астанадан бір түнде 6,1 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді. 27 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
27 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 502 рейс арқылы 6,1 мың текше метрден астам қар шығарды.
27 наурыз күні таңертең қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, қалада қар мен мұзды күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 500 мыңға жуық рейс арқылы 6,7 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

144 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз