- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Наурыз, 2024
Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан қайтарылды
Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.
Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған.
28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.
? https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube
161 рет
көрсетілді0
пікір