- Шартарап
- 29 Наурыз, 2024
Мәжілісте Қазақстан мен Түркіменстанның ынтымақтастығы талқыланды
Мәжіліске Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режепов келді, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттар Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Мархабат Жайымбетов дипломатпен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Түрікменстанмен парламентаралық достық тобының жетекшісі Бақтықожа Ізмұхамбетов Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумын кеңейтілген құрамда өткізу бастамасын қолдайтынын жеткізді. Мұндай форум алғаш рет 2022 жылы мамырда Ашхабадта өткен болатын.
Өз кезегінде Елші Батыр Режепов қазақ-түрікмен парламентаралық байланысын жандандыру елдер арасындағы саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Тараптар XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатымен Достық, тату көрші және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімін аяқтау үшін күш-жігерді біріктіруге келісті.
718 рет
көрсетілді0
пікір