Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қараша, 2019

Ержан Максим наурызда Польшада концерт бермек

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы жас әншінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Онда әлемдік Junior Eurovision байқауына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленген Максим алдағы уақыттағы жоспарларын бөлісті. "Мен енді шынымды айтсам, осы әншілікпен жүргім келеді. Өйткені мен осындай даусымды, вокалды тастағым келмейді. Алдағы уақытта көптеген елде, көптеген қалада концерт беремін, басқа да байқауларға қатысамын деп ойлаймын", - деді Ержан Максим. Әншінің анасы Гүлмира Әлібек бар уақытын Ержанға арнап, барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтады. "Қалай осындай үлкен дәрежеге жетуге болады деп көптеген кісі ақыл кеңес сұрап жатады. Әрқашан балаға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Мен осы баламның арқасында қазір барлығын қойып, барлық жұмысымызға дейін тастап, тек Ержанмен айналысып жүрміз. Ешқандай қиындыққа мойымау керек. Барлығына төзе білу керек. Баланы әрқашан қолдай білу керек", - деді Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек. Айте кетелік, бүгін түнде жерлесіміз Ержан Максим елге оралып, жас әншіні Алматы әуежайында жанкүйерлері, достары, ет-жақындары және "Алматы" телеарнасының тілшілері күтіп алған болатын. Дереккөз: Almaty.tv

831 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз