БҰҰ халықаралық ұйымдарды кедей елдерге көмек беруге шақырды

334

Біріккен Ұлттар Ұйымы COVID-19 індетімен күресу үшін кедей елдерге көмек берілмесе, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын мәлімдеді. Оның алдын алу үшін халықаралық ұйымдарды кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Бұл туралы БҰҰ ресми сайтында жазылған.

Ақпаратқа сәйкес, көптеген кедей елдерде коронавирустың шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болуы мүмкін. Десе де, қазірдің өзінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалғаны атап өтілді.

«COVID-19 індеті бұл барлығымыз үшін сынақ. Алайда әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигрантттардан келетін және туризмнен түсетін қаражаттары қысқарды», — деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок.

Сонымен қатар, ол қазір жағдай қолынға алынбаса, оның зардабын кедей елдер ғана емес, бүкіл әлем тартуы мүмкін екенін айтты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *