Тараз: Тектұрмас кесенесі

519

Тектұрмас кесенесі. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Көне Тарза қаласында орналасқан Тектұрмас кесенесі ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында салынған. Тектұрмастың тарихи аты — Сұлтан-Махмудхан. Ал, Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз  орын» дегенді білдіреді.

Кейбір деректерде Сұлтан Махмутхан Қарахан империясының ұлы қолбасшысы болғандығы айтылған. Кесене өте көне діни орындардың бірі болып есептеледі. Тектұрмас төбесінің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.

Тектұрмас кесенесінен қарағандағы Талас өзені Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы  атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде жартылай қираған.   ХІХ ғ. 80 жылдары түсірілген кесене формасының қарапайым фотосуреті ғана сақталып қалған. 2002 жылы кесененің алғашқы орнына  жаңадан кесене қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылды. Дереккөз: zhambyl.gov.kz

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *