«Қайрат» қатарына әлем чемпионы қосылады

152

Бразилия құрамасында 2012 жылғы әлем чемпионы атанған Фернандиньо 2020/2021 маусымда «Қайраттың» намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Futsalportugal.com порталына сілтеме жасап.

Португалиялық басылым әйгілі бразилиялықтың қазақстандық клубқа ауысатынын жазды.

Аты-жөні Фернандо Наскименто Косме болатын 36 жастағы ойыншы 2017/2018 маусымынан бастап португалдық «Бенфикада» ойнады. Команда құрамында Фернандиньо 63 кездесу өткізіп, 104 гол соқты.

2009 жылдан 2017 жылға дейін ол Мәскеудің «Динамосында» өнер көрсетті. Ресейлік клубпен бірге бес дүркін ел чемпионы және 2013 жылы құрлықаралық кубоктың иегері атанды.

Айта кетейік, Prosports.kz порталына берген сұхбатында алматылық клубтың президенті Қайрат Оразбеков Фернандиньомен белсенді келіссөздер жүріп жатқанын айтқан еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *