Елімізде коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелген жоқ

57

Елімізде коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына қайтадан шалдығу оқиғалары тіркелмеді. Әлемнің бірнеше елінде осындай жағдай анықталған еді. Бізде мұндай жағдай тіркелмеді және алдағы уақытта болмайды деп үміттенеміз. Дегемен вирус өте жұқпалы», — деді вице- министр онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, індеттен емделіп шыққандарда тұрақты иммунитет түзілетіні туралы нақты зерттелген мәліметтер жоқ. Осы орайда ол адам инфекцияны қайтадан жұқтырса, онда науқас емделуге жатқызылатынын атап өтті.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *