Ұлттық кеңестің үшінші отырысы онлайн форматта өтеді

214

Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 27 мамырда өтеді. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.

«Ұлттық кеңестің келесі отырысы онлайн форматта өтеді және оған барлық өңірлерді қатыстыруды ойластырып отырмыз. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы өтетін отырыста қаралатын басты тақырып – адам капиталы, соның ішінде білім саласын дамытудағы мәселелер болмақ», — деп жазды ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, Ұлттық кеңес мүшелері ақпан айынан бері елдегі білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарын әзірлеп жатыр және ол ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *