Nissan 20 мың жұмыс орнын қысқартады

509

Әлемдегі ең ірі көлік жасаушы компаниялардың бірі саналатын Nissan Motor Co. 20 мың қызметкерін жұмыстан босатады. Демек, бірқатар елдегі барлық қызметкерлерінің 15%-ы жұмыссыз қалады.

Көлік концернінің мұндай шешім қабылдауына коронавирус түрткі болып отыр. Осылайша компания қайта құрылымдауды іске асыра бастайды. Nissan Covid-19 салдарынан мамыр және маусым айларында Жапониядағы зауыттарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр.

Жыл басынан бері оның капитализациясы 44,1%-ға азайған. Сонымен қатар, басшылықтың жалақысы қысқартылуы мүмкін. Қазір осы мәселе талқыланып жатыр. Компания жылына шамамен 7 млн автокөлік жасап шығарады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *