Димаш жаңа бағдарламаға қатысты

343

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай телеарнасындағы «Классикалық қанаттар» атты жаңа бағдарламаға қатысты.

«CCTV 1» телеарнасындағы жаңа жоба бүгін эфирге шықты. «China. Beijing. CCTV 1 арнасының жаңа бағдарламасының қонағы болып қайттым», — деп жазды Д.Құдайберген Instagram-дағы парақшасында. Қазақстандық әнші «Thousands of Miles» композициясын орындады. Видео Қытай телеарнасының YouTube-арнасында жарияланды.

Димаштың Eurasian Fan Club жанкүйерлер клубының ақпаратына сәйкес, «Класикалық қанаттар» шоуы «Dragon Boat Festival» / «Айдаһарлар қайықтарының шеруі» фестивалі аясында шығып отыр. Және ол Ухан ауруханасының дәрігерлеріне арналған.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *