Цой Тоқаевқа 10 түрлі ұсыныс жасады

160

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күресудің 10 жолын ұсынды:

амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым әрі түсінікті жадынама даярлау;
дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу мен отандық тауар өндірушілерді қолдау;
диагностикалық орталықтарды арттырып, рентген және компьютерлік томографияны қолжетімді ету;
вирусты анықтайтын лабораторияларды көбейтіп, тесттерді уақытылы жеткізу;

шақыртуға келген мобильді топтарға коронавирусты анықтайтын тест жасауға мүмкіндік беру;
үй жағдайында барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету;
қашықтан амбулаториялық консультация жүргізу;
стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау;
жерлеу тәртібін өзгерту;
халық арасында санитарлық талаптарды сақтау ережесін арттыру.

Ал осы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін министр елімізде жалпыұлттық екі немесе төрт апталық карантин енгізуді ұсынып отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *