Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды

372

Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.

 

Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды.

Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мектепке дейінгі балалар мекемесі, аквапарктер, моншалар, сұлулық салондары, шаштараздар және басқа да адамдар көп жиналатын орындардың жұмысы тоқтатылады. Бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде конференцияларға, семинарларға және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады.

 

Азық-түлік дүкендері, ашық базарлар мен дәріханалардың қызметі тоқтатылмайды, бірақ жұмыс уақыты шектеулі болады. Ашық аспан астындағы тамақтану орындары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жұмысын жалғастыра алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ байланыссыз қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысына рұқсат етіледі.

Ералы Тоғжанов сондай-ақ, блок-бекеттер орнатылмайтынын және Алматы қаласына кіру үшін анықтамалар талап етілмейтіндігін айтты. Ол әуе қатынасы мен теміржол жолаушылар тасымалы да жұмыстарын тоқтатпайтынын мəлімдеді. Жеке автокөліктер мен қалаларалық қатынастарға да рұқсат етіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *