Қазақстан 1 тәулікте қанша медициналық бетперде өндіруге қауқарлы?

369

Қазақстанда бір тәулікте 772 мың медициналық бетперде шығарылады. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндіреді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда қоймаларда 4 млн-нан астам бетперде бар. Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде бұл өнімдерді ел өңірлеріне бөледі.

Сондай-ақ, осы жылдың 30 маусымында елімізде 63 350 литр залалсыздандыру құралы шығарылғаны белгілі болды. Қоймада 331 576 литр бар. Ал тұтынушылар мен дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *