Коронавирус: Қазақстанда қосымша дәрі-дәрмек қоры құрылды

335

Қазақстан коронавирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты «СК-Фармация» АҚ қосымша дәрі-дәрмек қорын құрды.

Қазақстан коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты біз өз тарапымыздан қосымша қор даярлап жатырмыз. Ең біріншіден ол қордағы дәрі-дәрмекті отандық өндірушілер өндіреді. Яғни ең бірінші кезекте бұл қор отандық өндірушілердің өнімімен қалыптасады. Қазір 2,7 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бірыңғай дистрибьютордың еліміздегі қоймасына жеткізілді. Келген ұсыныстардың бәрі бойынша жұмыс жүргізуге тырысамыз», — деді «СК-Фармация» АҚ Басқарма төрағасы Берік Шәріп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *