Карантин кезінде қанша қазақстандық жұмыссыз қалды?

327

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде карантин кезіндегі жұмыссыздық мəселесі туралы айтты.

«Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті қадағалап отырады. Өкінішке қарай, олар әлі ресми деректерді жария еткен жоқ. Екінші тоқсанның мәліметтері 12 тамызға қарай болады. Дегенмен, біз еңбек нарығына бағдарлануға тиіспіз. Екінші жағынан жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу де жұмыссыздық деңгейінің бейнесін көрсете алады. Сондықтан біз өзіміз де бағалап жатамыз. Әр өңірдің санитар дәрігерінің шешімін, қандай кәсіпорындар қызметі шектелгенін, онда қанша адам жұмыс істеп жатқанын қаперге аламыз», — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, елімізде жұмыссыздық деңгейі сәуір айында шырқау шегіне жеткен. Сол айда республикада 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалған.

«Одан кейін шектеулер алынған жоқ, жұмыссыздық деңгейін 1 млн 145 мың адам деңгейінде бағаладық. Маусымда біршама еркіндік болып, жұмыссыздар саны шамамен 735 мың адамға дейін төмендеді. Шілдеде шектеу шаралары күшейтілді. Шамамен 1 миллионға жуық адам жұмыссыз қалар деп ойладық. Қазір карантин жалғасуда және айдың соңында баға береміз», — деді Біржан Нұрымбетов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *