2,1 миллионға жуық қазақстандық 42 500 теңгенің біржолғы төлемін алды

134

Бұл туралы  Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

31 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды.

Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылды. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады.

2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:

– 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 591,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 326,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 607 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *