Еттің сіз білмейтін зияны

3224

1 (1)Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдегендей, қызыл еттің обыр дертіне шалдықтыратын зиянын естігенде баршамыздың таң қалғанымыз рас. Бұл ақпарат әсіресе шұжық,  сүр ет, хот-догтарды ұнататындар үшін ауыр соққы болды десек, артық айтпаймыз. Дегенмен ғалымдардың пайымдауы төмендегідей.

Ет өнімдерінің ең зиындысы – қайта  өндірілгені. Олардың құрамында канцерогендер, яғни қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттектер көп мөлшерде кездеседі. Сондықтан доңыздың тұздалып, сүрленген  етін, езілген еттен жасалған шұжықшаларды дастарханнан алып тастаңыз.

Шұжық өнімдеріне қосылған дәмдеуіштер мен түрлі химиялық қоспалар ұзақ сақталғанда немесе қыздырғанда канцерогендер бөліп шығарады.

Күніне 50г қызыл ет жесеңіз асқазан-ішек обырына шалдығу қаупі 18 пайызға артады дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

Ағза қызметі мен жүйесін қомағайлықтың бұзатыны да шындық.  Бауыр, ұйқы безі, асқазан, тым көп тұтынған ет тағамдарынан зардап шегіп, зақымданады. Салдарынан обыр дерті пайда болады. Ет құрамындағы канцерогендер сыртқа шықпай, ағзада жинала беретіндіктен иммундық жүйе әлсіреп, қатерлі ісік  жасушаларының көбеюіне қолайлы жағдай тудырады.

Сол себепті ет өнімдерін көп мөлшерде тұтынуды азайтып, ас мәзірін дұрыс жасау арқылы  денсаулығымызды жақсартамыз.

Қызыл етті тұтынудың бір күндік мөлшері 70 г құрайды. Оны  тауық етімен алмастырса да болады.

Әлемде канцерогендердің  зияндылығынан 50000 адам зардап шегеді екен.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

takprosto.cc




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *