Ескерту: Электронды түрде сатып алған билеттеріңіз бүгін түнде жарамсыз күйге түседі!

89

«Қазақстан темір жолы» АҚ https://epay.railways.kz сайтынан электронды түрде билет сатып алған жолаушыларға бүгін түнгі сағат 23:00-де билеттерінің жарамсыз күйге түсетінін ескертеді, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Құрметті пайдаланушылар!

«2016 жылғы 29 ақпанда сағат 23:00-ден бастап https://epay.railways.kz сайты уақытша тоқтатылып, техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Жоғарыдағы ескертулерге байланысты, сіздердің сатып алынған электронды құжаттарыңызды (билеттеріңізді) алдын-ала басып шығаруларыңызды немесе сақтап қоюларынызды сұраймыз.

Басып шығарылған электрондық билеттеріңіз болмаған жағдайда жол жүру билеттерінен бас тарту және пойыға отыру мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз! https://epay.railways.kz сайты техникалық жұмыстар жүргізу кезінде қолжетімді болмайды», — деп жазылған хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *