Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына жаңа директор тағайындалды

236

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен, Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің келісімімен 2016 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы тағайындалды

Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы 1977 жылы Қызылорда облысында туған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызылорда ауылшаруашылығы техникумын «Шаруашылық қызметін талдау және  бухгалтерлік есеп жөніндегі экономист» мамандығы бойынша (1995 ж.), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Агробизнестегі экономика және менеджмент»  мамандығы бойынша (1999 ж.) бітірген. 2015 жылдан бері Алматы менеджмент Университетінде МВА бағдарламасының тыңдаушысы, Іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы «Темірхан ТВ» ЖШС-нің журналисі болып бастады. 1999 жылдан жеке кәсіпкерлікпен айналысты және 2005 жылы «Аквалайн» ЖШС-інің негізін құрды. Сонымен бір уақытта 1996-2008 жылдары каратэ-до жаттықтырушысы болып жұмыс істеді, 2008 жылдан «Скиф Трейд» ЖШС-нің Қызылорда облысы бойынша өкілі; ал 2010 жылдан бастап – «Скиф Трейд» ЖШС директорының филиалдармен жұмыс жөніндегі орынбасары.

Сондай-ақ, 2005 жылдан бері «Қызылорда облысының каратэ-до және күрес өнерлері федерациясы» ҚБ-нің төрағасы қызметін қатар атқарып келеді, 2010 жылдан –  «Нұр Отан» партиясының мүшесі; 2012 жылдан  – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты; 2013 жылдан – облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі; 2013 жылдан – Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі/орынбасары, 2015 жылдан – «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

palata.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *