Атырау облысы Ресейдің Астрахань облысымен байланысты нығайтып жатыр

210

Атырау облысына РФ Астрахань облысының делегациясы келді. Оны аймақтың  губернаторы Александр Жилкин басқарды.

Делегация құрамында Астрахань облысы үкіметінің негізгі министрлері,  бизнесмендер бар.

«Қазақстан үшін Ресей Федерациясы — стратегиялық серіктес. Осының негізінде екі ел арасында, соның ішінде жеке облыстар арасында қарым-қатынастар нығаюда. Экономика, білім беру, денсаулық сақтау салаларында, құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері желісінде қарым-қатынас қарқынды дамып жатыр.  Бұл қатынасты үнемі дамыту, нығайту қажет. Біз осы шаруамен айналысып жатырмыз», — деді ресейлік делегациямен кездесуде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

«Каспий теңізінің биоресурстарын сақтау, шекарадағы ауқымды өрттердің алдын алу, Каспий қайраңын игерудегі ынтымақтастықты дамыту — бұл бірлескен жұмыстар бағытының бір бөлігі ғана. Бұл жұмыстарды қазақстандық әріптестермен талқылайтын боламыз», — деп хабарлады А. Жилкин.

Дереккөз:ҚазАқпарат  агенттігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *