ekstrasens_nado-620x330

Сіз көріпкелге сенесіз бе?

Менің жақын туыстарым мен таныстарымның арасында көріпкелдер көмегіне жүгінетіндер аз емес. Олардың бірі материалдық қиындықты жою мақсатымен «емшісымақтар» мен «жол ашатындарды» араласа, екіншілері «күйеуге шығамын», «ауруымды жазамын» деп сенеді.  Алматы қаласының кез-келген ауданында көріпкелдер өз қызметін дөңгелетіп отыр. Қалада арнаулы халық медицинасының орталықтары да бар.

 Психолог мамандардың  айтуынша, көбіне белгілі-бір қиындыққа тап болып, тығырықтан шыға алмай жүрген, материалдық немесе психологиялық күйзеліске түскен адамдар көріпкелдерге жүгінеді екен.Құмалақ ашатын, дұғамен емдейтін емшілердің барлығы да  жақсы психологтар. Олар алдына келіп отырған адамның сыртқы түр-тұлғасы мен келбетіне қарап-ақ , олардың  қандай мәселемен келгенін, не толғандырып жүргенін біліп алады. Емнің қонатынына сеніп барған адам, жазылып кетіп те жатады.

Ислам дінінде емшілік пен көріпкелдікке қатаң тыйым салынған. Себебі бұл  Аллаға серік қосумен бірдей.  Көріпкелдерге сену-сенбеу әр адамның өз еркі. Дегенмен алаяқтардың арбауына түсіп, алданып қалудың  орнына, өз-өзіңе сенім арту, қиындықтар болса, жақындарың мен достарыңнан көмек сұрау әлдеқайда дұрыс шешім болар еді. Ең бастысы, өмірдің ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан құралатынын мойындаған жөн. «Әр адам өз өмірінің қожайыны» емес пе? Егер  адамшылығыңды жоғалтпай, дұрыс өмір сүре білсең, қиыншылықтарға мойымауды үйренсең, кез-келген ауыртпалықты  көп ұзамай еңсеретінің анық.

 Өзгенің ойыншығына айналып, алданғаннан сақтасын.

Үміт Жұмаділова




2 пікір “Сіз көріпкелге сенесіз бе?

  1. Аяжан

    Көріпкелдік, болашақты болжау – жынның ісі. Бір Аллаға ғана сенемін.

  2. Тамина

    Қазір көріпкелдік мықты кәсіпке айналған.

Пікір қалдыру