Қырғыз президенті Өзбекстан президентін еліне шақырды

290

Қырғызстан Өзбекстанмен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті. Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа жолдаған жолдауында айтады.

centralasian.org-тың хабарынша, Қырғыз басшысы жолдауында 2016 жылдың 24 желтоқсанында Өзбекстанға өзі бастап барған сапары кезіндегі көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығына алғысын білдіреді. Алмазбек Атамбаев Шавкат Мирзияевпен қол қойған Қырғызстан мен Өзбекстанның мәңгілік достығы жөніндегі Келісімді ризашылықпен еске алатынын айтқан.

«Менің терең түйсігім бойынша, екі ел қарым-қатынасының өзара түсінушілікпен әрі қарай жұмыс істейтін нақты бағыты анықталды. Бұл Келісімде көрсетілгендей, біздің елдің халқының жаңа өмірге жол бастауына мүмкіндік береді», – деп атап өткен Атамбаев.

Қырғызстан басшысының ойынша, екі ел президенті қол жеткізген келісім Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы барлық проблемаларды түпкілікті шешуге мүмкіндік береді.

Алмазбек Атамбаев өзінің жолдауында Өзбекстан президентін 2017 жылы өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Baq.kz




One thought on “Қырғыз президенті Өзбекстан президентін еліне шақырды

  1. Сәния

    Міне, екі ел арасында жаңа байланыстың орнатылуына, ең маңыздысы, бітімгерлікке келудің бір қадамы жасалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *