«Нұр Отан» партиясының мүшелері уақытша тіркеуге мораторий жариялауды сұрап отыр

264

Шығыс Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері уақытша тіркеуге мораторий жариялауды сұрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ  YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

 Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің айтуынша, халық арасында туындаған даулы сұрақтарға нақты жауап табылмайынша, уақытша тіркеу туралы заң нормалары қолданыста болмауы тиіс. Мұндай позицияны «Нұр Отан» партиясының мүшелері де қолдап отыр.

Жаңа жылждан бастап күшені енген тіркеудің жаңа тәртібі қоғамда қызу талқыға түскен еді. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша тіркелу үшін келген адамдарға лық толды.

Халықпен кездескен көші-қон полициясының қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері уақытша тіркеу мәселесін қозғады. Диалог барысында анықталғандай, азаматтардың уақытша тіркеуге қатысты көптеген сауалына кесімді жауап айту мүмкін емес. Себебі елімізде әзірге уақытша тіркеу тәртібін толықтай реттейтін не бір ереже, не бір бұйрық немесе басқа құжаттар жоқ. Мәселен, егер азамат өз саяжайында жарты жыл тұрғысы келсе, оған уақытша тіркелу міндет пе? Шалғайдағы ауылға қонаққа барған азамат тіркелу үшін аудан орталығына барып жүруі керек пе?

«Жаңашылдық көптеген заң мен кодекстерді «ботқаға» айналдырып жіберді. Нақты жағдайларда уақытша тіркеуге тұру тәртібін анық түсіндіретін актілер жоқ. Уақытша тіркеу туралы нормаларға мораторий енгізу туралы өтінішпен Парламентке, ІІМ-ге хат жолдау қажет», — дейді «Бірге» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Ситникова.

Бұл бастаманы «Нұр Отан» партиясының мүшелері де қолдап отыр.

«Шикілік шынымен көп. Мәселен, егер азамат Новосібірде тұратын Ресей азаматының пәтерін жалдап тұрса, бұл жағдайда не істеуі керек? Мүлде түсініксіз. Басқа елдің азаматын жалға алушыны өз пәтеріне тіркеуге қалай міндеттеуге болады? Осы сұрақтардың бәрін біз Парламент пен Үкіметке жолдаймыз. Даулы мәселелер қаралатын уақытта уақытша тіркеуге мораторий жариялауды ұсынамыз», — деді партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *