Көктем егісі – 2017

ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ДҮБІРЛІ ЕҢБЕК

Облыс  бойынша  938 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егіледі

Биыл Алматы облысында 938 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарланған болатын. Қазір аймақта ауа райының жауын-шашынды болуына қарамастан, жерге дән сіңру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде.

Облыстың бір ғана Кербұлақ ауданы бойынша биыл 80 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақыл егіледі. Қазір аудандағы 21 шаруа қожалығы Үшбұлақ кооперативіне бірікті. Нәтижесінде егіс алқабы едәуір кеңейтілді.
– Қазір 7 мың гектар жерге ауыспалы егістік технологиясы қолданылуда. Бұрын әр шаруашы­лық өз жерінде дақылдың бір түрін егумен шектелді. Бұдан топырақтың құнары төмендеді, өнім де аз болды. Қазір мына іріленгеннің ар­қасында біраз жерлерімізге шабындық дәнін сеуіп отырмыз. Көпжылдық шөппен жерді ты­ңай­тамыз, – дейді кооператив төрағасы Алдан Бекеев.
Шаруалардың айтуынша, бірігу арқылы ауыл шаруашылығы техникасы еселеніп, ескісін жаңартуға да мүмкіндік туған. Айта кету керек, Алматы облысы қант қызылшасын өсіруді мықтап қолға алды. Биыл облыста 9 мың гектар жерге тәтті түбір себіледі. Мамыр айының он бесіне дейін егу жұмыстары аяқталады деп күтілуде.




Пікір қалдыру