ЭКСПО – 2017-де Лесото Корольдігінің ұлттық күні өтті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында Лесото Корольдігінің ұлттық күні өтті. Лесото Корольдігінің энергетика және метеорология министрі Мокото Хлоаеле Астана ЭКСПО-2017 баспасөз орталығындағы баспасөз конференциясы аясында ЖЭК дамыту бойынша өз елінің ерекшеліктері туралы айтты.  

Мокото Хлоаеле Лесотоның жаңартылатын энергия көздерінің үлкен әлеуетіне ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Лесотода күн, жел және су энергиясын дамытуға жақсы жағдайлар бар.

«Әлемдегі күн сәулесін шығарудың ең жоғарғы деңгейі Лесотода орын алады, күн 10,2-13,8 сағат бойы жарқырап тұрады, ал ел аумағының басым бөлігінде Күн жылына 300 күн шуағын шашып тұрады, сондықтан да бұл электр энергиясын өндіруге тиімді түрде пайдалануға болатын мүмкіндік», — деді Мокото Хлоаеле.

Сондай-ақ, министр Лесотоның энергиялық секторы су электр қуатына, биомассаға және мұнай өнімдеріне сүйенетінін мәлімдеді.

Бұдан өзге,  Мокото Хлоаеле Лесото Корольдігінің 2020 жылға қарай ЖЭК үлесінің көрсеткіштерін 50%-ға дейін жеткізу бойынша бастамаларының маңызды құралы болып табылатын энергетикалық саясаты туралы айтты.

Өз сөзін түйіндей келе, Мокото Хлоаеле ЭКСПО-2017-ге қатысу Лесотода энергияның баламалы көздерін дамытып, пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізіліп жатыр. Көрменің басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы».

Ертең, 1 тамызда, ЭКСПО-2017 аясында Бенин Республикасының ұлттық күні аталып өтеді. Ресми делегацияға Сыртқы істер министрлігіндегі Еуропа департаментінің директоры Сетчехо Кристоф Дангнихин басшылық етеді.

Сондай-ақ, 1 тамызда Гамбия Республикасының ұлттық күні аталып өтеді. Шараға Гамбияның сауда министрі Айсату Турэй мен ҚР әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова қатысады. Осы күні ҚХР павильонында Цинхай провинциясы аптасының ашылу салтанаты өтеді.

Ақпарат көзі:primeminister.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *