Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Бүгін білім гранттары иегерлерінің тізімі жария етілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Білім гранттары иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жария етілді. Үміткер сайтқа кіріп, онда https://res.testcenter.kz/grant2017/#searchRes сілтемесіне өтіп, арнайы жолаққа рұқсатнамадағы тестіленушінің жеке коды мен ЖСН-ін енгізу арқылы өзінің білім грантына иеленгенін не иеленбегендігін біле алады.

«Соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Өткен оқу жылымен салыстырғанда бакалавриат 6 230 орынға көбейді. Осылайша 2017-2018 оқу жылына білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін өсті», — деді вице-министр.

Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша — 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша — 300 грант), 2 850 орын — жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысты. Оның ішінде 49 858 адам — қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам — орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

«Бүгін министрліктің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында білім гранттары иегерлерінің тізімі жария етіледі. Сонымен қатар 14 тамызда республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады», — деді Б.Асылова.




3 пікір “Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

  1. Айгерим

    Грантов много, было бы также много качественный специалистов!

  2. Еңлік

    Білім грант иегері болған студент! Алдыңызда үлкен асу мен биік шың тұр. Оны қалай бағындырып, судан асып, биік шыңнан көрінем десеңіз, өз еркіңіз.

  3. Жастілек

    Грантқа ие болған азаматтардың сөздеріне қарағанда жасалатын шарт тым қатаң деп айтып жатыр. Оқудан шығып кетсен, шарт бұзылып, бөлінген қаржыны қайтару керек. Бұл несиелік жүйе сияқты болған екен. Енді толық тегін жоғары білім бар деп айта алмаймыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *