Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі ЕАЭО елдерінде жарамды болуы мүмкін

104

Астанада өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында еңбеккерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы құжаттың жобасы талқыланып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жүргізуші куәлігін одақ аумағында мойындау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  Kazgazeta.kz.

 «Бізде еңбек ресурстары бойынша ортақ нарықтың мәселелері соңына дейін шешілмеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім шағын құрамдағы отырыста талқыланды. Алайда ұлттық деңгейде біліктілікті мойындауға қатысты проблема туындады. Бұл жүргізуші куәліктеріне қатысты. Менің ойымша, айтылған пікірлерді ескере отырып, жақын арада бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданады», — деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, осыған дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасы талқыланады деп жоспарланған болатын.

Жоба авторларының пікірінше, аталған құжат зейнетақымен қамту саласында тең құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім күшіне енсе, ЕАЭО-ның кез келген елінде (ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында) еңбек өтілі мен зейнетақыны жоғалтпай, жұмыс істеу мүмкіндігі тумақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *