Елбасы кітапханасында «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

194

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды. Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның  араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады, деп хабарлайды аталған кітапхананың баспасөз қызметі.

Аталмыш көрменің басты ерекшелігі — кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың,  XVIII-XIX ғғ. жазылған түпнұсқа қолжазбалардың көрсетілуінде.

Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде тарту етілген. Әр кітап мұқабасының сыртқы келбеті көркемдік, зергерлік және каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.

Ашық ғарышта, «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы ­-­­­­ топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.

ҚазАқпарат  агенттігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *