Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді, — деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкент қаласына келді. Ел астанасының әуежайында Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылайды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *