Туризм Қазақстандағы экономикалық өсімнің жаңа қозғаушы күшіне айналуы мүмкін

630

Туризм сарапшылардың бағалауынша, әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі, ол әлемдік ЖІӨ-нің 10%, әлемдік экспорттың 6% және әлемдік қызмет көрсету экспортының 30% қамтиды. Әлемдегі әрбір 11-жұмыс орны туристік индустрияда ашылады.

Қазақстанда туризмнің ЖІӨ-ге үлесі үлкен емес, алайда соңғы жылдары өсімге тұрақты үрдіс байқалуда. Осылайша, 2015 жылы Қазақстан Экономикалық Форумның туризм мен саяхаттар саласындағы бәсекеге қабіеттілік туралы рейтингісінде әлемнің 141 елінің ішінде 85-ші орынды иеленді, бүгінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.

Жалпы, алты айда туризмнің ҚР ЖІӨ-дегі үлесі 1,6% немесе 346 568 млн теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шетелдік (кірмелік туризм) келушілердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға артты. Ішкі туризм де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5% өсімді көрсетті.

Оған қоса, кірмелік туризм бойынша келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% өсім байқалуда.

2016 жылы Қазақстанға 6,5 млн адам келді, олардың шамамен 90% ТМД елдерінен. Елде қалу уақыты орташа алғанда төрт тәуліктен аспайды. Алыс шетелден келген қонақтарға келсек, олардың саны 573,7 мың. Ішкі туризм 11,8% өсіммен 4,6 млн келуді құрады.

Жазғы уақытта туристер көп келетін орын «Экспо-2017» көрмесі болды. Оны ескергенде елордада ең алдымен елорда қонақтарын қабылдауға дайын бөлмелер саны бір жылдың ішінде бірден +43,8%, 2017 жылдан бастап 8,96 мыңға дейін өсті. Сондай-ақ, Астана қонақ үйлер, отельдер мен басқа да орналастыру орындары санының өсімі бойынша үш көшбасшының қатарына кірді: +28,2%, 209 дейін.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 1,5% өсіммен 314,8 мың адамды құрады. Соңғы жылдары туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны тұрақты өсімді көрсетеді.

Туристік саланы дамыту туристік қызмет көрсетуде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін ҚР мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткізу пункттерін (автомобиль, авиациялық, теміржол, инженерлік-коммуникациялық, «жеңіл» инфрақұрылым) қайта жөндеуді есепке алғанда,  қажетті инфрақұрылымнан тұратын заманауи бәсекеге қабілетті туристік кешен құруға тікелей байланысты.

Туристік кешен құру бюджетке салық түсімдері есебінен ел экономикасын дамытуға, шетелдік валюта ағымына, жұмыс орындары санының артуына едәуір үлес қосты, сондай-ақ ол мәдени және табиғи мұраның сақталуына және ұтымды пайдалануын бақылауды қамтамасыз етеді.

Туризмді мемлекеттік қолдау саланы тұрақты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, туристік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасауға, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға, жеке инвесторлар тартуға, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін жағымды экономикалық жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытып келе жатқан елдер өз азаматтарын сапалы туристік қызмет көрсетулермен қамтамасыз ете отырып, ұлттық жобалар мен бағдарламаларады іске асыруға қомақты бюджет қаражатын жұмсайтынын көрсетті.

Оған қоса, туризмді дамыту көптеген ілеспе міндеттерді шешуді талап етеді, мысалға, көлік жүйесін жаңғырту, қоғамдық тамақтану жүйесін дамыту, ел имиджін жақсарту, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту.

Сол себепті Үкімет туризмді дамытуға баса мән береді. «Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің» бағалауы бойынша, Қазақстан 2016 жылы туризм индустриясы мен туризмде үздік жетістіктерге жеткен Топ-10 елдің қатарына енді.

Бағыт — мәдени-туристік кластерлерді дамыту

2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылады:

«Астана – Еуразия жүрегі»,

«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы»,

«Алтай інжулері»,

«Ұлы Жібек жолын жандандыру»,

«Каспий қақпасы»,

«Табиғат пен көшпелі мәдениеттің біртұтастығы».

Олар нені білдіреді?

«Астана – Еуразия жүрегі» — бұл Астана қаласы базасындағы туристік кластер. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер бұл MICE-туризмі және қысқамерзімді демалыс.

Туризмнің негізгі бағыттарының ішінде елорда үшін өзекті және перспективалы бағыттардың ішінде конгрестік-іскерлік, оқиғалық және этникалық-туризм (мәдени-спорттық іс-шаралар, оқиғалар, конференциялар, форумдар және т. б.) болып табылады.

«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» — бұл Алматы қаласы мен Алматы облысын қамтитын кластер, онда туристік мүдделі 12 басты орын анықталған. Олардың ішінде Тамғалы археологиялық петроглифтері сияқты атақты нысандар (ЮНЕСКО нысаны); ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген «Алтын-Эмель» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы; Шарын МҰТП аумағындағы Шарын каньоны; Балқаш көлі (оңтүстік-шығыс бөлігі); Алакөл көлі (оңтүстік бөлігі); Қапшағай су қоймасы; «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле Алатауы МҰТП-мен Алматы қаласының маңындағы тау шаңғы аймақтары; Жоңғар Алатауы МҰТП және басқалары бар.

Болашақта кластердің кеңеюі және Алматы облысының басқа бөліктерін қосу, сондай-ақ туристік мүдденің жаңа орындарын – ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ешкіөлмес петроглифтерімен бірге Жетісу Алатауы тау тізбектерін, сондай-ақ Есік қорғандарын таныстыру мүмкіндігі бар. Алматы іскерлік және тау шаңғы туризмінің халықаралық орталығына айналады және «Қаладағы және таулардағы ойын-сауық» кластері болмақ. Аталған кластерді таныстыратын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризмі, мәдени және экологиялық туризм, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқамерзімді демалыс жатады.

«Алтай інжулері» ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктерінен тұрады. Өскемен қаласы сегіз басты туристік орын анықталған кластер орталығы болады: Берел қорғаны; Бұқтырма су қоймасы; Ертіс өзені — Зайсан көлі; Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Семей қаласы және Абай ауданы (Жидебай) және т. б. Кластер болашақта Шығыс Қазақстан облысының қалған бөліктерін қосу арқылы кеңейтілуі мүмкін.

«Алтай інжулері» кластері «Табиғат ғажаптары әлемі» ретінде ұсынылып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді әрі қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс, пантымен емдеу, гастрономикалық туризм және т. б. жатады.

«Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластері Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерінен, ОҚО-ның оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөліктерінен және Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігінен тұрады. Туристік мүддеге ие басты орындары:

1)  Заманауи Түркістан қаласы;

2)  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны);

3)  ЮНЕСКО-ның алдын ала әзірленген тізіміне қосылған орта ғасырлық Отырар қалашығының және Отырар шұратының археологиялық нысандары;

4)  Сауран археологиялық кешені;

5)  Палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала әзірленген тізіміне қосылған Арпа-Өзен таңбалы тастары.

6)  Сайрам-Өгем МҰТП

7)  Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;

8)  «Байқоңыр» кешені;

9)  «Қасқасу» таулы шипажайы;

10)  Қызылорда, Сарыағаш, Шардара, Тараз қалалары.

Кластердің орталық нысаны Қазақстанның халықаралық ғибадат ету және туризм орталықтарының деңгейінде мойындалған, рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы – Түркістан қаласы болады. «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде ұсынылатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге рухани, тарихи-мәдени туризм жатады.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін іске асыру аясында заманауи туристік инфрақұрылым құрылады. Онда туристерге өңірлердің туристік нысандары мен республиканың батыс және шығыс «шекаралық қақпаларында» тиісті жағдайлар жасау арқылы, қажетті сервистік қызметтерді ұсынуға, демалуға әрі орналасуға болады.

«Каспий қақпасы» — толықтай Маңғыстау облысы мен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бір бөлігінен тұратын кластер. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болады, онда Бекет-Ата, Шопан-Ата және Қараман-Ата жерасты мешіттері, Омар мен Тұр кесенесі; «Шерқала» тауы; «Қарақия» — Қаракөл мемлекеттік табиғи кіші қорығы; «Бөкей Ордасы» ескерткіштерінің кешені; «Сарайшық» қалашығы; Кендерлі шипажай аймағы басты туристік орындары болады.

Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер – жағажайлық, тарихи, өнеркәсіптік, мәдени туризм және турне болады.

«Табиғат және көшпелі мәдениеттер бірлігі» Ақмола және Қарағанды облыстарынан, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінен және Павлодар облысының батыс бөлігінен тұрады. Щучинск-Бурабай шипажай аймағы кластердің орталығы болады. Кластер болашақта ЮНЕСКО-ның алдын ала әзірленген тізіміне қосылған жаңа туристік орындармен толықтырылуы мүмкін, онда Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттерінің алыптас ескерткіштер кесенесі бар.

Кластер көшпелі мәдениет пен даланың әр алуандығының орталығына айналады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер мәдени туризм мен турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқамерзімді және белсенді демалыс болады.

Ұлт жоспары бойынша

Айта кеткен жөн, Қазақстанның туристік саласын дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауына алынған. Бүгінде Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде.

Мәселен, Ұлт жоспарының 57 қадамы туристік кластерлер құруда табысты тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тартуды қарастырады.

2015–2016 жылдар аралығында туристік салаға шамамен 300 млрд теңге инвестицияланған, 5 000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылған. Республика бойынша орналастыру орындарының бір жолғы сыйымдылығы 31 000 төсек орнына ұлғайтылды (2014 ж. — 109 мың, 2017 ж. — 140 мың).

2017 жылы стратегиялық инвесторлардың қатысуымен үш жоба әзірленіп жатыр, зәкірлік инвесторлардың тартылуымен тағы үш жоба пысықтау сатысында жатыр. Жергілікті деңгейде төрт туристік кластерде (Алакөл, Баянауыл, Балқаш көлдерінде, Щучинск-Бурабай шипажайлық аймағында жағажайлық және сауықтыру туризмі) жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы 86 қадамда Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырды, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат және көшпелі мәдениеттер бірлігі», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады деп көзделген.

2017 жылғы 30 маусымда ҚР Үкіметінің №406 қаулысымен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасы қабылданды. Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жоғарыда аталған Тұжырымдаманы 2017–2019 жылдары (І кезең) іске асырудың шаралар жоспары әзірленді.

Сондай-ақ, сала мен отандық туроператорлардың қызметін тиімді дамыту, қызметтердің бірыңғай нормалары мен стандарттарын енгізу мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ құрылған.

primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *