Сағынтаев санавиация ұшағының апатын мұқият әрi толық тергеудi тапсырды

Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев санавиация ұшағының апатын мұқият әрi толық тергеудi тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

 «Өздерiңiз бiлесiздер, жақында санавиация ұшағы құлап, экипаж бен дәрiгерлер қаза тапты. Қайғылы оқиға санитарлық авиация саласында үлкен проблемалардың бар екенiн көрсетiп отыр. Бұл салада ескi ұшақтар пайдаланылады, ұшу қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейдi, өңiрлерде ұшақтарды тәулiк бойы қабылдауға жағдай жасалмаған. Осының салдарынан жоғары бiлiктi мамандар мен ауыр науқастардың өмiрiне қауiп төнедi. Денсаулық сақтау министрлiгi, Инвестициялар және даму министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгiне басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрiгiп, аталған оқиғаны мұқият тергеудi тапсырамын. Санавиациясы бар парктердi тексерудi, әуе тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды күшейтудi және осындай жоспардан тыс рейстерге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын», — деген Сағынтаев бұл мәселенi қадағалауды орынбасары Ерболат Досаевқа жүктедi.

Еске сала кетсек, жуырда Алматы облысында науқас әйелге медициналық көмек көрсетуге шыққан санавиация ұшағы құлап5 адам қаза тапты. Ал кеше, осы көмекке мұқтаж болған әйел де көз жұмды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *