ТМД мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің басшылары Сочиде бас қосады

ТМД Мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшыларының кеңесінің (ТМД Ақпарат кеңесі) XXIII отырысына қатысушылар дүйсенбі күні Сочи қаласында шығармашылық ынтымақтастық және келер жылы жүзеге асырылатын біріккен жобалар мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды ТАСС.

Шараны ұйымдастырушылар оның ХІХ Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне орай өткізілетінін мәлімдеді. Жастар мерекесінен ТМД мемлекеттік ақпарат агенттіктері және барлық негізігі БАҚ-тары хабар таратады. Жастар тақырыбы және ақпараттық агенттіктердің мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері алдағы отырыстың күн тәртібінде тұр.

ТМД Ақпарат кеңесінің төрағасы, ТАСС бас директоры Сергей Михайлов Сочиде өткелі отырған шаралардың символдық мәні бар екенін тілге тиек етті. «Бұл жағдай журналистиканың, жастар қауымының, жаңа технологиялардың, достықтың, мәдени және білім беру байланыстарының, өмірдің түрлі салаларындағы жетістіктердің және халықаралық ынтымақтастықтың өзара байланысын көрсетеді», — дейді Михайлов.

ТМД Ақпарат кеңесі 1995 жылдың қарашасында құрылған болатын. Оның құрамына: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікстан елдерінің мемлекеттік жаңалықтар қызметтерінің басшылары кіреді.

ҚазАқпарат агенттігі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *