Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *