Еуропа Құрама Штаттарын құру идеясын қолдаймыз — ГФР СІМ басшысы

8

ГФР СІМ басшысы Зигмар Габриэль партияласы, Германия социал-демократиялық партиясының (ГСДП) төрағасы Мартин Шульцтың 2025 жылға қарай Еуропа Құрама Штаттарын құру идеясын қолдады, деп хабарлайды ТАСС.

Министрдің айтуынша, саясаткерлер Еуроодақты дамыту жөніндегі нақты бастамалардың жоқтығынан жиі сынға ұшырайды. «Мартин Шульц болашақта Еуропа қалай дамуы тиіс екендігі жөнінде идея ұсынып еді, жұртшылық оған тарпа бас салды», — деді министр жексенбіде ARD телеарнасына берген сұхбатында. Габриэльдің пікірінше, Шульцтың ұсынысы Еуроодақты «азаматтар мүдделерінің өкіліне» айналдыруға бағытталған. «Бұл шынында да қажет», — деп атап өтті Германия сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

«Бұл идея, бәлкім, менің немерелерімнің дәуірінде іске асатын шығар», — дейді осы мәселеге пікірін білдірген ГФР қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен ZDF телеарнасына берген сұхбатында.

Бейсенбі күні Шульц «Федеративтік Еуропаны құруды қамтамасыз ететін» конституциялық келісімнің қажеттігін айтқан болатын. Ол бұл ретте «Еуропаның көптеген мәселелерді шешуге қабілетсіз екендігін» алға тартты.

 ҚазАқпарат  агенттігі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *