Елімізде жаңа ұлттық орган құру ұсынылды

129

Қазақстанда стандарттау бойынша барлық мәселені реттеп отыратын Ұлттық органды құруды ұсынамыз. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды «Baq.kz» тілшісіне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

 Бүгін Мәжіліс отырысында «Стандарттау туралы» ҚР заң жобасы талқыланды. Оны депутаттарға Жеңіс Қасымбек таныстырды.

«Нарықтық қатынастың талабына сай қадағалау, сертификаттау және стандарттау органдарын бөлу қажеттігі туындады. Бұл мүдделер арасындағы даудың туындамауына септігін тигізді. Кәсіпкерге сертификаттау жөніндегі құзіретті тәуелсіз орган береді. Ал мемлекеттік бақылауды мемлекет жүргізеді. Бұдан әрі нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстан 2004 жылы түбегейлі жаңа заң қабылдады. Ол үздік халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа екі деңгейлі жүйені құрды», — дейді Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда министр стандарттау мәселесінде талаптар халықаралық талаптарға сай болуы тиіс екенін атап өтті.

«ЕАЭО-да техникалық реттеу тек өнімге қойылатын міндетті талаптарды реттейді. ДСҰ аясында стандарттар ұсынымдық сипатқа ие болды. Ал ұлттық стандарттар көп жағдайда халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Сондай-ақ, міндетті талаптар тек техникалық регламенттерге белгіленуі керек», — деді Жеңіс Қасымбек.

Введомство басшысы стандарттау туралы заң Еуропа мен Қытайда, Ресейде жұмыс істеп тұрғанын алға тартты. Оның айтуынша, көштен қалмау үшін елімізде стандарттау бойынша барлық мәселені реттеп отыратын ұлттық орган құру керек.

«Қазақстандық моделдің үйлесімін біз Ұлттық стандарттау жүйесін құру арқылы шешуге болатынын көріп отырмыз. Ол жерде мемлекет пен бизнес тұтынушының тең құқығы болуы керек. Бірақ мемлекет осы тұста техникалық саясат пен қауіпсіздік мәселелеріне келгенде жүйенің жұмысына араласады. Біз әлемнің дамыған елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, стандарттау бойынша ұлттық органды құруды ұсынамыз. Осылайша, стандарттау бойынша барлық сұрақты бақылауға алып, мүдделері бар барлық тараптың тек құқықығын қамтамасыз етеді», — деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *