Головкин мен «Канелоның» матч-реваншы қай жерде өтетіні белгілі болды

0

Golden Boy Promotions промоутер компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34) пен WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33) арасындағы матч-реванштың қай жерде болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Жекпе-жек Лас-Вегаста болу керек. Оның үстіне көптеген аренаға мұндай деңгейдегі кездесулерді өткізу қиын. Мысалға, Далласта кабелді телеарна арқылы жекпе-жекті қарайтындай қонақүйлер аз. Ал, Лас-Вегаста туристер үшін индустрия: мейрамханалар, шоу… бәрі бар. Сондықтан, Лас-Вегас біз үшін қазір бірінші нұсқа болып тұр», — деді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Мұнымен қоса, Оскар «Канело» мен Головкин арасындағы матч-реваншты өткізуге ешқандай кедергі жоқтығын айтты.

Ал GGG промоутері Том Леффлер реваншты өткізуге тек үш аренаны көздеп отырғанын мәлімдеді. Олардың ішінде, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena бар. Бұл жерде Головкин мен «Канелоның» алғашқы кездесуі өткен. Бірақ Леффер келесі жекпе-жекті басқа қалада өткізгісі келінін жеткізді.

Сондай-ақ, Леффер келесі жылдың 5 мамырында өтетін матч-реваншқа «Канелоның» өкілдерімен бірлесіп дайындалып жатқанын растады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *