Қызметтің қолжетімділігі – басты назарда

312

Мемлекеттік қызметтерді, яғни «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» тәрізді қызмет түрін Халыққа қызмет көрсету орындарына келмей-ақ алуға мүмкіндік бар ма? Бүгінде осындау сауалдар жұртшылық тарапынан жиі қойылады.

Осы орайда Алматы қаласы Жетісу аудандық №2  бөлімінің атқарып отырған қызметі негізінде осы аталған сауалға жауап іздеп көрелік.

Тұрғындарды түсінуге болады әрине, өйткені қазіргі нарықтық заманда  ХҚКО-лардағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мерзімінде әрбір керек кезінде жұмыстан сұрана беру де мүмкін емес және босанған әйелдерге қолындағы кішкентай сәбиімен «ХҚКО»-на келу де оңайға соқпайтынын бәріміз білеміз.

Әрине, құжаттарды алу бойынша барлық ресімдеулерді азайтудың да талабы жоқ емес. Қысқасы, тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға келмей алу мүмкіндігі мен оны қандай жолмен жүзеге асыру қызықтырды. Тұрғындардың көпшілігі электронды үкімет порталы дегенді естігендігін, бірақ ол қызмет түрімен кездеспегендіктерін айтады. «Онымен жұмыс істеуді қайдан үйрене аламыз?» деп сұрақтарын қойды.

«2013 жылдан бастап бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ біздің бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы құрылды және жұмыс істейді. Дәл осы жерде тұрғындарға электронды мемлекеттік қызметтерді, электронды сандық қолтаңбаларды  алу мүмкіндігі туғызылған. Осы жерде әрбір келушіге кеңес беріліп, ЭҮП-та (Электронды үкімет порталында) жұмыс істеуге үйретеді» дейді Жетісу аудандық №2 бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жауапты құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Қ.Ризабек.

Сонымен қатар аталған шара әрбір қызмет алушының үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын, салықтарды, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлды, коммуналдық қызметтерді төлеуді, кез келген ақпараттық анықтаманы алуды үйрену үшін жүзеге асырылғандығын түсіндірді. Жалпы айтқанда, сектор құжаттарды ресімдеуге қатысты барлық мәселелерді жылдам, тиімді және қажет кезінде шешу үшін құрылған.

«Сұрақтар немесе қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда  бөлім қызметкерлері көмек беруге және ХҚКО қызметі бойынша сұрақтарға түсініктеме беруге әрқашан дайын» дейді бөлім қызметкерлері.

 «Conection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы – бұл электронды үкімет порталының дамуындағы жаңа кезең болып табылады. Электронды сандық қолтаңбасы бар азаматтардың электронды нысандағы қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы арнайы жабдықталған орындардан өздігімен алу мүмкіндіктері бар. Бұл қызмет жылдан жылға тұрғындар арасында танымал бола бастады. Ағымдағы ждылдың 8 айы ішінде 3211-ден астам электронды қызмет көрсетілген. «Conection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының өзінде ғана азаматтар 16697-ден астам қызметтерді иеленген.

Айнабек Битабаров




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *