2017 жылы 14,5 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды

278

Өткен жылы «Есіл» ауданында 600 зейнеткерді, 100 көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі 200 баланы қамтыған 65 қайырымдылық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев халықпен есептік кездесуі барысында, өткен жылдың қорытындысы бойынша 14 700 адамның атаулы әлеуметтік жәрдем алғанын айтты. Ал Құрбан айт мейрамы кезінде «Нұр Астана» мешітімен бірге аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жетімдерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, жалпы 260 адамға көмек көрсетілген.

Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, халықтың аз жұмылдырылған тобына нысандардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мекемелерде құжаттандыру жүргізіледі. Осы уақытқа дейін 186 нысан, оның ішінде 148 шағын және орта бизнес құжаттандырылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, өткен жылы жасы үлкен аға ұрпақ үшін бос уақытын өткізетін алты мини-орталық ашылды», – деді Бөлекпаев.

Аудан әкімі кездесу барысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен 30 көпбалалы ананың марапатталғанын хабарлады.

Қазіргі таңда «Есіл» ауданында 16 мыңнан астам зейнеткер тұрады, оның ішінде 8 — ҰОС ардагері, 349 — тыл еңбеккері, 3 491 — мүмкіндігі шектеулі адам бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *