Ольга Горелик «Хабар 24» арнасының директоры болды

124

Ольга Горелик «Хабар 24» телеарнасына жаңа директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап.

 Ол бұл лауазымда отырған Арман Сейітматтың орнына келді. Ал, Арман Сейітмат «Ел Арна» арнасына директор болды.

Ольга Горелик 2004 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби қызметін Өскеменде тілші ретінде бастаған. «Хабар» агенттігінде 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *