Ермек Тұрсынов Қазақстанның кинематографтар одағын басқарады

174

Қазақстанның кинематографтар одағының кезекті съезінде режиссер Ермек Тұрсынов ведомствоның төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

 «Жиналыс жаңа бітті. Біз жаңа ғана келдік. 160-қа жуық адам дауыс берді», — деді Тұрсынов.

Режиссер жаңа орнындағы жоспарларымен бөліспеді.

«Әрине, жоспар бар. Бірақ оның барлығын айтқым келмей тұр. Жаңа ғана бітті. Алдымен отырып, ойланып, қарастыру керек», — деді ол.

Айта кетейік, Тұрсыновтан бөлек бұл лауазымға тағы екі адам — Ғали Мырзашев және Ахат Ыбраев үміткер болды.8




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *