Қазақстан халқы Ассамблеясының мультимедиялық порталы іске қосылды

228

Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА, жаңа мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті. Портал Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ тарапынан жасалған. Бұл жайында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Интернет-ресурс www.assembly.kz негізінде жасалған. Ол жаңа заманауи платформаға қосылып, мемлекетіміздің ресми сайттарымен байланыстырылған. Сонымен қатар, сайттың негізгі тараптары жаңаланып, замануи стандарттарға сәйкестендірілген.

Порталмен «3 скрол — 3 басу» арқылы жұмыс жасау мүмкіндігі ашылған, бұл әдіс порталды қолдану тәсілін едәуір жеңілдетеді.

Сайтта көптеген медиа-жобалар, виртуалды саяхат, интерактивті инфографика жинақталатын болады. Көптеген этномәдени орталықтардың сұранысы бойынша, Министрлік порталда елдегі этномәдени орталықтар үшін арнайы бөлім ашты, әр орталық өздерінің жаңалықтарын, тарихы, салт-дәстүрі, музыкасы және басқа да ақпараттарын өз бетінше жариялауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, онлайн-трансляция мүмкіндігі де қарастырылған, ол өз кезегінде еліміздің барлық аумақтарнан тікелей байланыс жасап, ҚХА іс-шараларын онлайн түрде көрсетуге, Бейбітшілік және келісім сарайының ішінде, аумақтардағы Достық үйлерінде және Қазақстанның қасиетті жерлеріне 3D-саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сайтқа Қазақстан халқының мультимедиялық картасы да қосылған.

Таныстырылым барысында жиынға қатысушылар Батыс-Қазақстан облысының тұрғындарымен виеоконференцбайланыс арқылы көрісуге мүмкіндік алды.

Портал жұмысын «Қазконтент» АҚ, Ассамблея хатшылығы мен филиалдары және «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесе отырып қамтамасыз ететін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *