Ардағымыз, айбарымыз – Астана

173

Шырайы шарықтаған әсем қала Астана — еліміздің бас ордасы. Сарыарқа төсінде орналасқан бейбіт елдің алып шаһары бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып, отандастарымыздың мақтанышына айналған. «…Ең алғашқы ағаш көшетін Елбасының өзі отырғызған «Жерұйық», сонан кейінгі керуен тартқан Пре­­зидент, «Арай», «Жастар» саябақтары кешегі сары түздің сары желін самал-саумал иіске айналдырып, алдан арбап алады. Енді біраз жылда жылға-жиегі Бурабайдың өзімен шектесіп кетпек қала сыртындағы жасыл желек орман-алаңқайлар да аптапта аңызақ желден желеп-жебеп қорғаштар, жаның бір саялар мекен болмақ. Қазірдің өзінде мұнда құстың небір түрі құйқылжыта ән сала бастаған. Жан тербеп, көңіл қуантарлық құбылыс!» — дейді оқырмандарымыз Е.Алданазаров пен Г.Омарова өздерінің «Ардағымыз, айбарымыз — Астана» атты мақаласында. Толығырақ, төмендегі сілтемеден оқыңыздар.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47214




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *