Жады туралы қызықты деректер

315

Жады деген не? Бұл сұраққа жауапты ертеден әлем ғалымдары табуға тырысуда. Бүгінде ірі мемлекеттерде ми мен жадыны зерттейтін институттар мен ғылыми зертханалар көптеп ашылуда. Осыған қарамастан, жады адам миының ең жұмбақ қабілеті болып қалуда. Мысалы:

1. Адам ұрығы 20 апталық мерзімде есте сақтау қабілетіне ие болады.

2. Қалыптасқан пікірлерге қарамастан, кофеин есте сақтау қабілетінің жақсаруына ықпал етпейді.

3. Жадыны үнемі жаттықтыру арқылы ми қызметі мен есте сақтау қабілетін жақсартуға болады. Ол үшін «Үш кит» теориясы жасалды. Оған: құнарлы тамақтану, есте сақтауға арналған жаттығулар және дәрілік заттар жатқызылады. Дәрумендер мен микроэлементтер де ми қызметінің белсенділігі үшін аса пайдалы.

4. Ұйқының қануы ми қызметін жақсартады. Ал тынығу есте сақтау қабілетін ұзартады

5. Кейбір адамдар туа бітті таңғаларлық есте сақтау қабілетіне ие. Мысалы Моцарт бір рет естіген музыкалық шығарманы еш қиындықсыз қайталап, ноталарын қағазға түсіретін болған.

6. Австралиялық Хобард Паула Прентис үш айда 130 мың есімдер, нөмірлер мен мекен-жайлар жазылған телефон анықтамалығын жаттап алған. Оның айтуынша, мұндай қадамға баруына мамандығы түрткі болған екен. Себебі ол телефон қызметінің операторы қызметін атқарады. Ең қызығы, Паула өз телефонының нөмірін жаттай алмаған екен.

7. Доминик О’Брайен ерекше ерекше жады иесі. Ол Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше дүркін рекордшы болған. 1994 жылы ол есте сақтау жарысында 15 минуттың ішінде қытай тіліндегі 152 сөзді есте сақтаған. Ойын карталарын да оп-оңай есте сақтайтындықтан казиноларда ол «шақырылмайтын қонақ» аталып кеткен.

8. Америкалық шахматшы Пол Морфи бір мезетте сегіз шахмат тақтасында оларға қарамастан ойнап, әлем назарын өзіне аударған.

billionnews.ru




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *