Елорда театры халықаралық сыйлыққа ие болды

169

Елордалық М.Горький атындағы орыс драма театры КСРО халық әртісі Кирилл Лавров сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Санкт-Петербургтегі «Ресейдегі кездесулер» ХХ  мерейтойлық халықаралық театр фестивалі аясында өтті.

Сыйлықты «Балтық үйі» театр-фестивалінің актеры Константин Анисимов табыс етті.

Орыс драма театры «Евгений Онегин» қойылымынан кейін, 2018 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде өтетін келесі фестивальге шақырту алды. Айта кетейік, «Ресейдегі кездесулер» театр фестивалінің мерейтойы Қазақстан астанасының мерейтойлық датасымен тұспа-тұс келген.

Кирилл Лавров атындағы сыйлығымен шетелде жұмыс істейтін үздік орыс театрлары марапатталады. Бұл сыйлық 2008 жылдан бері беріліп келеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *