ҚазАқпарат Anadolu Agency-мен тарихи келісімге қол қойды

169

Бүгін Ыстанбұлда «ҚазАқпарат» ХАА мен Анадолу агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.

Меморандумға «Анадолу» агенттігі бас директорының орынбасары Мустафа Озкая мен «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы бас консулдығының кеңесшісі Бауыржан Әбдірахманов, Ыстанбұлдағы Қазақ мәдени қорының директоры Анара Байжанова, сондай-ақ Түркия бас ақпарат агенттігінің дирекциясы қатысты.

Кездесу барысында Данияр Өтешев биыл екі агенттіктің 98 жылдығын атап өтетіндігін тілге тиек етті.

«Біздің ақпарат агенттіктеріміздің 100 жылдығы қарсаңында бұл меморандумның жасалуы — Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі болуы тиіс», — деді ол.

Өз кезегінде, Мустафа Озкая бұл келісімді тарихи құжат деп атады.

Салтанатты рәсімнен кейін, «ҚазАқпарат» агенттігінің өкілдері Анадолу агенттігінің жұмысымен танысты

Айта кетейік, шара Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *