Қазақстандық делегаттар Сеулде инвестициялар апталығына қатысты

182

Кореядағы ҚР елшілігінің қолдауымен және инвестициялар және даму  вице-министрі Арыстан Қабыкенов бастаған қазақстандық делегация Кореяда өткен бизнес форумға қатысты деп kazgazeta.kz хабарлайды primeminister.kz сілтеп.

Сеулде өткен «Infrastructure investor Seoul Summit 2018» бизнес саммитте инвестиция тарту мәселесі талқыланып,  инвестицияның жаһандық үрдістері қаралды. Сондай-ақ форумда көлік логистикасы, құрылыс және ауыл шаруашылығына қатысты диолог келісімдер орнады.

Қазақстандық делегаттар елімізге инвестиция салатын Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлерімен келісімге келді.

Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев пен Korea Trade-Investment Promotion Agency вице-президенті Вон-Сок Юн ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кореяның кәсіпкерлері автомагистрал  және жол құрылысына  инвестиция құюға мүдделік танытуда. Еліміз ауыл шаруашылығына және жол құрылысына қажетті  жаңа технологияларды Кореядан алатындай мүмкіндіктерге қол жеткізбек.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасын шығарып, оларды Ресей мен Орталық Азия елдерінің нарықтарына экспорттауға үлкен әлеуеті бар», — деді Hyundai Corporation вице-президенті Грег Нам

Екі елдің делегаттары инвестиция апталығының жалғасын өткізуді жоспарлады. Бизнес форумға Кореяның 200-ден астам компания өкілі қатысатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *