«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Даму стратегиясын әзірледі

74

«Самұрық-Қазына» АҚ-да 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы қабылданды және Трансформация бағдарламасы жаңартылды. Құжатты дайындау барысында операциялық және инвестициялық қызметі толығымен коммерцияға бағытталған «Temasek» (Сингапур), «Khazanah» (Малайзия) және «Mubadala» (Біріккен Араб Әмірліктері) тәрізді табысты тәуелсіз қорлардың тәжірибесі назарға алынды, — деп хабарлайды   «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қоғаммен байланыс депараментіне сілтеме жасай отырып,  kazgazeta.kz .

Жаңадан әзірленген Стратегия бойынша, ендігі кезекте аталмыш Қор Қоржын компаниялардың кірісін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Демек, үш негізгі мақсат: компаниялардың тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» портфелін (активтерді) тиімді басқару және тұрақты дамуды басты орынға қоя отырып, Қордың жаңа құрылымын енгізуге, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, инвестициялық тартымдылықты арттырып, қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге және активтерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, 332 компанияны қамтитын Қордың активтерді басқару жүйесі құрылымы күрделі 5-6 деңгейден тұрады. Бұл жүйе басқару жұмысын қиындатуда. Сондықтан, Қор құрылымына кіретін компаниялар саны  қысқартылып, басқару деңгейі күрделі 5-6 деңгейден 3-ке дейін азаяды. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» Қорының басқару құрылымы мобильді болады.

Жаңа Стратегияға сәйкес, әлеуметтік инвестициялар «Temasek» және «Khazanah» компанияларының тәжірбиесіне негізделіп, тек білім беруге, «адам капиталына» және инновациялар құруға бағытталатын болады.

2018 жылғы сәуірдің 19-ы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму Стратегиясын және жаңартылған Трансформация Бағдарламасын мақұлдады және бекітті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *